


2026 жылғы 12 қаңтарда «Тайынша қаласының 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де СҚО Айыртау ауданы Лобаново ауылындағы 9 және 11 сынып оқушыларының «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында оқытушылар оқу орны туралы егжей-тегжейлі айтып, колледжде алуға болатын мамандықтармен таныстырды. Колледжде оқыту тегін негізде жүзеге асырылады, басқа қалалардан келгендерге жатақхана беріледі, студенттер мемлекеттік стипендия алады, тегін 3 рет тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Колледжді сәтті бітірген студенттер Алматы экономика және менеджмент университетіне грантқа түсу мүмкіндігіне ие.
