«Адал Азамат» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» айлығы аясында 6 сынып оқушылары мұражайды аралады.
Экскурсия барысында қызметкерлер балаларды мекемелердің тарихымен және қызметімен таныстырды, өз жұмыстары туралы айтып берді, сондай-ақ заңды сақтаудың маңыздылығы мен құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндірді.
Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңды құрметтеуін қалыптастыруға бағытталған.
