"ПАТРИОТ" айлығы аясында 3 мамыр күні мектеп базасында Тайынша ауданының жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында Отан Қорғаушылар Күнін мерекелеуге арналған "Алау-24" аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны ұйымдастырылып, өткізілді. Ойынға ауданның 19 командасы, 14 жасқа дейінгі балалар жиналды. Құрметті қонақтар ретінде "AMANAT" партиясы аудандық филиалының ойын ұйымдастыруға көмек көрсеткен мамандары, Тайынша қорғаныс істері бөлімінің өкілдері қатысты. Турнир барысында балалар күш жаттығуларынан, АКМ бөлшектеу-құрастырудан, граната лақтырудан, эстафетадан, жүгіруден, атудан, ӨЗК және газқағар киінуден жарысты. Барлық кезеңдерде балалар ептілік, төзімділік, ұжымшылдық сезімі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектеп оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. "Эстафета" кезеңінде бірінші, " күш " кезеңінде үшінші болды.